Жастар «Өмір сыйла» акциясына қатысты

172

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы волонтерліктің бір бағыты ретінде «Өмір сыйла» акциясын тұрақты ұйымдастырып келеді. Облыстық қан орталығында өткен бұл акциясы өз жалғасын алдағы уақыттада таппақ.

Жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту қан құю көлемінің артуына әкеледі. Осылайша трансплантология, кардиохирургия, онкология қызметтерінің дамуы пайдаланылатын қан компоненттері көлемінің жыл сайынғы ұлғаюын тудырды.

Донорлықты дамыту мәселелерінде қауіпсіз қанның қажетті мөлшерін дайындау үшін донорлардың жеткілікті санын рекруттау проблемасы сақталуда.

Еліміз бойынша жылына шамамен 360 мың қан компонентін құю жүргізіледі. Ауруханалардағы донорлық қанның қажеттілігін қанағаттандыру үшін қан орталықтарына жыл сайын 220 мыңнан астам, яғни күніне шамамен 1000 адам келеді.

Елді донорлық қанмен, оның компоненттері және препараттарымен қамтамасыз ету – азаматтардың денсаулығын сақтау және төтенше жағдайларды медициналық қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі. Акцияның басты мақсаты қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік тапсырысы аясында «Жаңа-Ру» жастар ұйымының еріктілері, «Jas Otan», «Ақ сұнқар», «Лига волонтер» жастар ұйымдары, ерікті жастар қан тапсырды. Акция ерікті, өтеусіз қан донорлығын дамытуға бағытталған.

Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.