100 түп ағаш отырғызылды

133

Дәстүрге айналған тал егу акциясына Жамбылдық  жастар белсенді қатысып келеді. Көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру. Осындай мақсатта ағымдағы жылдың 2 қазан күні «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында 100 түп ағаш отырғызылды. Акциясы өңіріміздің барлық аудандарында ұйымдастырылып, облыстық акцияның жүйелі өтуіне ат салысты.

Тазалық іс-шарасына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, Жастар орталығы қызметкерлері 50-ге жуық белсенді жас қатысты.

Сондай-ақ акция барысында 5 мөлтек ауданын қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтарын шығару және тазалық жұмыстары жүргізілді. Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.