«Жаңғыру жастары» жастар қозғалысының негізгі бағыттары түсіндірілді

148

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 12-24 қыркүйек күндері аралығында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында Құлан а.о ауылдық округінің Құлан ауылында №1 мектеп лицейінде, Алихан Бөкейханов атындағы орта мектебі, Максим Горький атындағы орта мектебі, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі, Ақтоған ауылдық шағын орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі, Ақыртөбе шағын орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің аппараты, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі, Шохан Уалиханов атындағы орта мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушалырмен, өзге ұлт өкілдерімен «Жаңғыру жастары» жастар қозғалысынң негізгі бағыттарын түсіндіріп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Семинар барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.