Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ата-аналар балаларына мектепке қажетті заттарын сатып алатын кез. Осыған орай аудан орталығында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті.

101

Аталмыш шара «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Жақсылық жаса!» ұранымен ұйымдастырылып отыр.

Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты — ата-аналар алысқа бармай балаға қажетті барлық мектеп құралын бір жерден алу және аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау, сондай-ақ қараша халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну.

Шараға Қордай ауылының оннан аса кәсіпкері қатысып, Отандық және жергілікті жерде өндірлетін тауарларды тиімді бағада ұсынды. Тиісінше мектеп формалары мен кеңсе таураларына сұраныс артқан.
10 сауда шатырында оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылған. Сатушылар мен сатып алушыларға мерекелік көңіл сыйлау мақсатында аудандық мәдениет үйнің өнерпаздары ән шырқап, өнерлерін паш етті.
Жәрмеңкеге аудан әкімі Бегзат Болатбековте қатысып, көп балалы отбасылардың балаларына мектеп формаларын табыс етті.

Айта кетейік, жалпы аудан бойынша аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7580 оқушыға мектеп формасын, оқуға арналған құрал-жабдықтар алуға облыстық және республикалық бюджеттен 307 млн 397 мың 460 теңге бөлініп, 1 балаға – 40567 теңгеден ата-аналарының (заңды өкілдерінің) дербес шоттарына аударылуда және де осы балалар мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Одан бөлек, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 350-400 балаға қаржылай көмек көрсету жоспарлануда. Бүгінгі таңда 47 балаға демеушілер есебінен 1100000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 

Қордай ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.