Шекарашылар кәсіби мерекесін атап өтті

106

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің құрылғанына биыл – 31 жыл.

Кәсіби мерекеге орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылып, әскерилерге «Еліме қорған болған ерлерім» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шарада аудан әкімі Бегзат Болатбеков әскерилерді мерекемен құттықтап, шекара қызметкерлерінің абыройлы міндетін ерекше тоқталды.

Аудан басшысы «Сан жылдар бойы білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғалған 13 мың 294 шақырым мемлекеттік шекараның біздің ауданға тиесілі бөлігі 218 шақырымға тең. Осы аралықта қызмет атқаратын шекара сарбаздарының ел сенімін ақтап, қызметтік міндетін абыроймен атқарып, Отан тыныштығының қырағы сақшысы бола беретіндігіне сенімім мол», — деп атап өтіп, бірқатар әскерилерге марапат ұсынды.

Бұдан соң Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Кудирят Аманов әріптестерін мерекемен құттықтап, үздік шекарашылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Салтанатты шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Қордай ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.