Жамбылдық оқушылар бірегей ғылыми жобаларын ұсынды

333

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов дарынды балалармен және олардың оқытушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы Даниал Керімқұл «Jobbe freelance биржасы» жобасын ұсынды. Jobbe –фрилансерлер мен тұтынушыларға арналған онлайн платформа, онда әртүрлі салаларда білікті және тәжірибелі мамандарды табуға болады.

Ал, Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Аян Тұрсынбай «ASK ACADEMY» жүйесін әзірлеген. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын арттыруға, аналитикалық ойлауды дамытуға бағытталған ақпараттық платформа онлайн курстар сериясын біріктіреді. Жоба Ғани Мұратбаев атындағы гимназияда пилоттық режимде енгізілген.

Сондай-ақ, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8 сынып оқушысы Адия Тұрсынбай инфаркт пен инсульт белгілерін уақытында анықтауға көмектесетін «Second Heart» сағатын әзірлеген.

Облыс әкімі білім, цифрландыру, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау басқармаларына жобаларды одан әрі сүйемелдеу жөнінде тапсырма жүктеді.

— Біз ұсынылған барлық жобалар азаматтарымыздың өмірін жақсартуға бағытталғанын көріп отырмыз. Ғылыммен айналысуды ұнататын, басқаларға көмектескісі келетін және бірегей ғылыми жобаларды әзірлейтін оқушыларымызға қолдауға тиіспіз, — деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.