Жамбылда жыл соңына дейін 6 жоба іске қосылады

637

Аймақта жыл соңына дейін 6 жоба іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді.

– Жолдауда Елбасы Үкіметке өңдеу секторындағы экспорттаушы кәсіпорындарға қолдау көрсетуге баса мән беруді тапсырды. Сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлардың номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажеттігін атап өтті.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін қолданыстағы бағдарламалардан бөлек арнайы, облыс көлемінде Кәсіпкерлікті қолдау картасы түзілгенін айтқан болатынбыз.Дегенмен де, Жолдаудың нақты міндеттеріне сәйкес бұл жоспарларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады, – деді аймақ басшысы.

Асқар Исабекұлының айтуынша, бүгінгі таңда жылына 800 тонна өнім шығаратын «Әулие — Ата Феникс» – «Құс шаруашылығындағы қайта өңдеуде жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу» жобасы жүзеге асырылған. Ал,  жыл соңына дейін 6 жоба іске қосылады. Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасы да бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.