Облыста браконьерлермен күресті күшейту үшін мамандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі жұмысын бастады, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтан бас тарту жөнінде Декларация қабылданды. Оған облыс, аудан басшылары, басқармалар мен мемлекеттік мекеме жетекшілері қол қойып, міндеттеме алды. Мұнан бөлек, Қордай, Шу аудандарында «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалы мен Жуалы, Талас және Жамбыл аудандарының аумағында «Жуалы-Қарашат» зоологиялық қаумалын құру жұмыстары басталды.