Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Алел Агро» АҚ өкілдерімен кездесті. Кеңеске бірқатар аудандар мен облыс орталығының әкімдері онлайн режимде қатысты.
«Алел Агро» АҚ Жамбыл облысында ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жиын барысында құс етін өңдейтін фабрика мен жем зауыты құрылысының жобасы, жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелер талқыланды. Фабриканың жобалық қуаты – жылына 49500 тонна құс етін өндіру. Бүгінде Байзақ ауданында қуаттылығы сағатына 20 тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылған.
Сондай-ақ, компания келісімшарттық негіздегі шаруашылықты да дамытуды көздеп отыр.
— Біздің ортақ мақсатымыз – құс кластерін қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыру, — деп түйіндеді аймақ басшысы.
Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына және «Тараз» ӘКК-ге нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігі