Жамбылда Алматыдан «пайда табуға» келген ұрылар ұсталды

216

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше қалта ұрлығы дерегін ізін суытпай бес күдіктіні ұстады. Күдіктілердің екеуі – Алматы қаласының тұрғындары, ал үшеуі – жергілікті тұрғындар. «Гастролерлер» Тараз қаласына оңай жолмен пайда табуды көздеп келген. Олардың ең үлкені — 30 жаста, ал кішісі- 19 жаста.

Күдіктілерге қатысты сауда орталығы мен қала базарында орын алған ұялы телефондарды ұрлаудың екі дерегі бойынша айып тағылды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қазіргі таңда олар Тараз қаласының аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.