Бір мектептің 3 оқушысы Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

197

Өзбекстан мемлекетінен Жамбыл ауданына жағымды жаңалық жетті. Самарқанд қаласында қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 оқушы жүлдемен оралды.

Бауыржан Валиев басшылық ететін №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрбибі Баймұрат пен 7-сынып оқушысы Ақерке Оразғалиқызы Азия чемпионы атанса, аталған білім ордасының 10-сынып оқушысы Нұрсая Баймұрат күміс жүлдені жеңіп алды.

Самарқанд қаласында төрткүл дүниені күш-қайратымен тәнті еткен оқушыларға көрермен ыстық ықыласын танытты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.