ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

82
28 ақпан – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай аудан орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ауласындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Ақынның 178 жылдығына арналған шараға аудан әкімі Әлихан Балқыбеков арнайы қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы қатысты.
Дала данагөйінің дүниеге келген күніне орай ұйымдастырылған шарада ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев та сөз алып, ақын атаның ауданымыздың жерінде дүниеге келуі біз үшін мақтаныш екенін тілге тиек етті.
Содан кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сәкен Сағадин өзінің шығармашылығынан ақынға арнауын мәнеріне келтіріп оқыса, осы білім ордасының оқушылары Иманғали Амандық пен Жанасыл Жарылқасын ақынның «Бұл Абайдың суреті ме?», «Ленинградтық өренім» өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратының 1-қабаттағы фойесінде Мойынқұм ауылының балалар саз мектебінің мұғалімдері мен тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарлама осынау күннің ажарын аша түсті.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».

Leave A Reply

Your email address will not be published.