Жамбыл облысының тұрғындары ең көп қолданатын мемлекеттік қызметтер аталды

56

Жыл басынан бері Жамбыл облысындағы ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 713 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мұндай мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы ұсынды.

Сонымен қатар, ХҚКО арқылы көрсетілетін ең танымал үш мемлекеттік қызмет түрлері  аталды. Бірінші орында – электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу. Азаматтар бұл қызметке 166 мыңнан астам рет жүгінген. Екінші орында – автокөлікті тіркеу – шамамен 156 мың рет. Үздік үштікті жеке куәліктер мен ҚР паспорттарын беру қызметі қорытындылайды – шамамен 120 мың өтініш тіркелген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбековтың айтуынша, ең көп мемлекеттік қызмет қалалық №1 ХҚКО арқылы көрсетілген – 130 783 қызмет. Одан кейін №2 мамандандырылған ХҚКО арқылы  – 119 969 қызмет, ал №2 ХҚКО арқылы  – 59 610 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімі 1359 қызмет түрін қамтиды, оның 1281-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қолжетімді.

ХҚКО әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын тіркеу секілді мемлекеттік қызметтер мен сервистердің кең спектрін ұсынады. Айта кетейік, тұрғындар қызметтерді тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар уақытты үнемдеп, мемлекеттік сервистерге қолжетімділікті жеңілдететін «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының PR-менеджері

Leave A Reply

Your email address will not be published.