Жамбыл облысының өрт сөндірушілері өрттің таралуының алдын алды

210
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында түнгі сағат 01.25-те Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылындағы «Жуалы–Су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің шеберханасынан өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 4 өрт сөндіруші-құтқарушы жедел шығып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрттің ауданы 36 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бастырманың шатыры зақымдалды. Алайда, өрт сөндірушілер қызыл жалынның одан әрі таралуына жол бермей, өртті 15 минутттан астам уақытта жойды. От жауынгерлері өрттің ішінен 2 дана газ баллоны мен 1 дана ауа толтырылған баллонды қауіпсіз орынға шығарды.
Сондай-ақ дәл осы күні таңғы сағат 05.13-те Шу ауданы, Шу қаласындағы жеке тұрғынүйдің ауласында орналасқан сарай өртке оранғандығы жөнінде шақырту түскен. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құраған. Өрт сөндіруші-құтқарушылар өрттің одан әрі тұрғынүй мен өзге ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті 7 минутта толық жойды. Өрт салдарынан сарайдың шатыры зақымдалды.
Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Сондай-ақ аталған тәулік ішінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тұрғындардың үйлерінің құлыптанып қалған есіктерін ашып беру жұмыстарына 2 рет шыққан.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмай, электр және газ құралдарын қуат көзінен ажыратып, үйді жылыту үшін пеш жаққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыз кезеңдерінде жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін естен шығармауды сұраймыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын жеткізеді.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.