Жамбыл облысының құтқарушылары демалыс күндері бірнеше шақыртуларға шықты

190
2022 жылдың 3 желтоқсанында сағат 06.09-де Тараз қаласы, Көшеней көшесінде орналасқан «Dunyo» мейрамханасының жертөлесінде ағаш отын мен көмірдің өртенуі болды. Оқиға орнына Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 8 адам жеке құрам шықты.
Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жертөленің қабырғалары, терезелері, есігі зақымдалып, ағаш және көмір отыны (1,5т) жойылды. Өрт сөндірушілер өртті 24 минутта жойды.
4 желтоқсанда сағат 15.53-те Тараз қаласы, Жібек жолы көшесінде «Бекнұр» моншасының ауласында 1991 жылы шыққан жеңіл автокөлік өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шығып, өртті 15 минутта жойды. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жойылды.
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 5 қабатты тұрғынүйдің 4-ші қабатындағы балконда қалып қойған (балкон есігі құлыптанып қалуы себепбі) ер адамды автосаты көмегімен құтқару жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, демалыс күндері Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, іздестіру жұмыстарына – 1 рет, қоқыстың және көмірдің жану оқиғасына – 2 рет, есік ашу жұмыстарына – 3 рет, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1 рет, расталмаған жану оқиғасына – 1 рет шықты.
Жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттрады қараусыз қалдырмай, электр және газ құралдарын қуат көзінен ажыратып, үйжіжылыту үшін пеш жаққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Сондай-ақ ауа-райының қолайсыз кездерінде жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін естен шығармауды сұраймыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын жеткізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.