Жамбыл облысының балуандары командалық есепте жеңіске жетті

515

Таразда еркін және грек-рим күресінен  есту қабілеті төмен спортшылар  арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

16 мен 22 ақпан аралығында өткен балуандар бәйгесіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті басшылық етті.

Есту қабілеті төмен спортшыларды қолдау, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Алматы  облыстарынан келген 12 командадан еркін және грек-рим күресінен 105- ге жуық спортшылар қатысты.

Аталмыш чемпионатта Жамбыл облысының атынан 18 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша жамбылдық балуандар еркін күрестен командалық есепте жеңіске жетті. Екінші орынға Алматы қаласының командасы тұрақтаса, Қостанай облысынен келген спортшылар үшінші нәтиже көрсетті.

Сол секілді, грек-рим күресінен де әулиеаталық команда мүшелері жауырыны жерге тимей, бірінші орынды иеленді. Бұл жарыс түрінен ІІ және ІІІ орындарды Алматы қаласы мен облысының командалары өзара бөлісті.

Айта кету керек, аталмыш чемпионат нәтижесі бойынша есту қабілеті төмен спортшылардың арасында халықаралық жарыстарға қатысатын командалар жасақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.