Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар

446

Тараз қаласы әкімі аппаратының АХАТ бөлімшесі және 8 әкімдік бөлімдерімен 2019 жылы мемлекеттік тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің 83 түрі көрсетілді. (АХАТ бөлімшесі-(10), білім-(26), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар-13, (халықты жұмыспен қамту орталығында-3)-(жалпы-16), тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары-(5), тұрғын үй инспекциясы (2019 жылдың ақпан айынан) – (5), ветеринария-1 (ветеринарлық қызмет-2)-(жалпы-3), сәулет, және қала құрылысы-(4), жер қатынастары-(2019 жылдың ақпан айынан)-(13), дене шынықтыру және спорт бөлімдері-(1)).

Тараз қаласында 2019 жылдың қорытындысы бойынша, 266 432 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

оның ішінде:

— қағаз түрінде – 110 563, 41,4%, оның ішінде жеке тұлғаларға – 110 248, заңды тұлғаларға – 315;

— мемлекеттік корпорация арқылы – 52 837, 19,3%, оның ішінде жеке тұлғаларға – 51 539, заңды тұлғаларға – 1 298;

— электронды түрде – 103 032, 39,3%, оның ішінде жеке тұлғаларға – 102 557, заңды тұлғаларға – 475.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 7190, оның ішінде:

— жеке тұлғаларға – 7038, оның – 2227-і электрондық веб-портал арқылы, 4811-і қағаз түрінде;

— заңды тұлғаларға – 152, оның – 19-і электрондық веб-портал арқылы, 133-і қағаз түрінде.

Өткізілген іс-шаралар саны 373, жүргізілген түсіндірме жұмыстарымен қамтылған халықтың саны 143 000.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 13 – қағаз түрінде, 51 — электронды түрде, 29 — Мемлекеттік корпорация арқылы, 50 — баламалы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің статистикалық есебі әр айдың 5-не жинақталып Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторинглеу бөліміне және тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігініне ұсынылып, тоқсан сайын Тараз қаласы әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Тараз қаласы әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» парақшасында орналастырылған. Сайтқа орналастырылған нормативтік құқықтық актілерге тұрақты талдау жасалып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жағдайда жаңартылып тұрады.

2019 жылы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында (қалалық «Жамбыл-Тараз» газетіне) мақалалар жарияланып, қала әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» ресми сайтына, Facebook, в контакте әлеуметтік желілеріне видео–роликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2019 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, қала әкімінің «taraz.zhambyl.gov.kz» ресми сайтына, Facebook, в контакте әлеуметтік желілеріне видео–роликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты ұйымдарымен (мектептер, бөбекжай-бақшалар) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сай «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу мүмкіндіктері болғандықтан, мектептер мен бөбекжай-бақшаларда «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы қызметті көрсету үлесін арттыру бойынша Білім бөлімімен 2019 жылғы 21 қаңтарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындар арасында насихаттау және мемлекеттік қызметті электронды форматта алуды кеңінен насихаттау бойынша 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары» әзірленіп бөлімге бағынысты ұйымдарына тұрақты көрсетілетін қызмет туралы мақалалар жариялау жүктелді және 2019 жылғы 04 қаңтарында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша 2019 жылдың І жартыжылдығына арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Электрондық қызметтерді насихаттау, олардың сапасын арттыру және жемқорлық байланыстарын азайту, электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды танымал ету мақсатында, Тараз қаласы әкімі аппаратымен 2019 жылдың 1 жарты жылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелерін өткізу кестесі 2019 жылғы 16 қаңтарда бекітіліп, кестеге сай қаңтар айында Тараз қаласы, «Ақбұлым» ауылы, Жібек жолы көшесі, 265 мекен-жайда орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №60 орта мектебінде, ақпан айында Тараз қаласы, «Құмшағал» шағын ауданы, А.Байтұрсынұлы көшесі, №12 мекен-жайда орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №56 орта мектебінде, мамыр айында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде, маусым айында «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №5 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, қыркүйек айында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында, қараша айында Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сұранысқа ие салалары бойынша (жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, білім беру, жұмыспен қамту, АХАТ, ветеринария, халықты жұмыспен қамту орталығы) қажетті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шаралар шеңберінде онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Қаңтар айында қызмет алушылармен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау және шағымдарын білдіру үшін іске қосылған «Цифрлы агент» мобильді қосымшасының ақпараттық баннері қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында Тараз қаласының Жамбыл даңғылы мен Ниетқалиев көшесінің қиылысында және қала тұрғындарына «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы туралы тиісінше ақпараттандыру мақсатында Жамбыл даңғылы мен Ниетқалиев көшесінің қиылысына 6х3 өлшемді 1 баннер, Абай даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысындағы, Абай мен Төле би даңғылдарының қиылысындағы және Төле би мен Жамбыл даңғылдарының қиылысындағы 3 үлкен Led экрандарға «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы туралы бейнероликтер орналастырылды.

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.

Қантар айында Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің саласына қатысты мәселелер бойынша 2019 жылы БАҚ-на жарияланатын ақпараттар туралы кесте жасалып, тоқсанына 2 рет кестеге сай ақпараттар БАҚ-да жарияланды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары Тараз қаласы әкімі мен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысымен бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар жалғастырылуда.

М. Молдағалиева

Тараз қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметті

 дамыту бөлімшесінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.