Жамбыл облысының алты ауданында өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады

89
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімімен «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарында қалыптасқан өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Осыған сәйкес, облыстың аталған аудандарында ауа-райының қалыптан тыс ыстық болуы және судың тапшылығы салдарынан орын алған шаруалардың шығынын өтеуге ҚР Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешімін табуда.
❗️Еске сала кетейік, жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.