БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

274
Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
❗️Еңбек жолын Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының есепшісі болып бастаған.
Әр жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі;
облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі,
білім беру департаментінің  бөлім бастығы, мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, білім басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
✅ 2017 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.