Жамбыл облысында суға кеткен баланы іздеуге 130 адам тартылды

577

Жамбыл облысында төрт күннен бері суға ағып кеткен  баланы іздеп жатыр.

Еске сала кетейік, 12 тамыз күні «Левобережный» каналында шомылып жүрген екі баланы су ағызып кеткен болатын. Бір күннен кейін құтқарушылар он бір жасар баланың денесін тапты.

«10 жастағы екінші баланы іздеп жатырмыз. Оған құтқарушылар, жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар — жалпы 130 адам мен онға жуық техника жұмылдырылған», — дейді ведомство өкілдері.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.