Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көбейту мақсатында 3,1 млрд.теңге қайта бағытталады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлмдеді.
«Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысын 2 — 2,5 есеге дейін өсіру жоспарлануда», — деді А. Мырзахметов.
Осы мақсатта облыста әкімшілік шығындарды қысқарту,бөлімдерді біріктіру арқылы басшылық құрамды азайту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелерді оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.