Жамбыл облысында із-түзсіз кеткен қойшы құтқарылды

67

Жамбыл облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен 2007 жылы туған жас жігіт құтқарушылардың көмегімен аман-есен табылды. Іздеу жұмыстарына ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар және ауыл тұрғындары қатысты.

Жас жігіт Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайлауына мал жаюға шығып, үйіне оралмаған. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі пайдаланылды.

Заманауи технологиялардың көмегімен елді мекендерден шалғай аумақта тұрақты байланыс қамтамасыз етіліп, іздеу топтарының жұмысы тиімді үйлестірілді. Таңертең іздеу тобы жігітті Көкбастау жайлауынан шамамен 15 шақырым жерден тапты. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ.

«Aulieatanews» ақпараттық агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.