Қордай ауданында ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беруде. Соның бірі – жылыжай шаруашылығының дамуы.
Бүгінде Масаншы ауылындағы кәсіпкерлер жылыжай кешендерін тиімді пайдаланып, жыл бойы сапалы көкөніс өнімдерін өндіруде. Бұл тұрғындарды отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде.
Жылыжайларда өсірілген өнімдер заманауи технологиялардың көмегімен бапталып, жоғары сапасымен ерекшеленеді. Нәтижесінде жергілікті нарыққа экологиялық таза әрі сұранысқа ие өнімдер ұсынылуда.
Ауданда жылыжай шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса береді.
Қордай ауданы