Жамбыл облысы егін ору науқанын аяқтады. Өңірде биыл 281 мың гектар алқапқа арпа-бидай егілген.
Қазір қамбаға 657 мың тоннадан астам астық құйылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемінің 9 пайызға артқанын көрсетеді. Мұндай жақсы нәтижеге шаруалар, мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізіп отыр. Жаңа комбаиндар дәнді-дақылдарды төкпей шашпай жинауға септігін тигізуде. Астық жинаудан аудандар арасында қордайлық шаруалар көш бастап тұр. Аудандағы биылғы түсім 123 мың 500 тоннаға жеткен.
— 650 мың гектар жалпы егіс көлемі. Соның барлығының негізінде биыл жиналады деп жоспарланып отыр. оның ішіндегі 281 мың гектардан астамы масақты дәнді дақылдарды құрайды. Масақты дәнді дақылдардың ору уақыты қазір аяқталып, орташа өнімділігі 23,8 центнерден құрап отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 центнерге артық, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Ерлан Құлкеев.