Жамбыл облысында алаяқ тұрғыннан 12 млн-ға жуық теңгені алдап алған

324

Жамбыл облысы Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, алаяқ жәбірленушіге өткен жылдың шілде айында Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы бағасынан арзанға сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда жәбірленуші 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын айтты.

Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.