Жамбыл облысында 10 жастағы екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

82

9 шілде күні кешкі сағат 18:00 шамасында жергілікті тұрғын 10 жасар екі баланың денесін тазарту қондырғысынан шығарған.

«Ересектер қарауынсыз қалған балалар ойын кезінде суға құлап, батып кетті»,  – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үлкендерге балаларды қараусыз қалдырмау, қауіпсіздік ережелерін үйрету ескертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.