Жамағатпен ағарту жұмыстары жүргізілді

116

«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жуалы ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданының орталық  және ауылдық мешіттерінде жергілікті жамағатпен ағарту жұмыстары жүргізілді. Мешіт жамағатына бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, карантин жағдайында санитарлық ережелерді,  ара-қашықтықты сақтап намаз оқу керектігін және мешіттердегі өкіл имамадардың сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.

Аталмыш жоба аясында «114-Қауырт желі» және «Сенім телефоны» арқылы дін мәселелері бойынша хабарласқан азаматтарға ақпараттық — консультативтік, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 8 7262 (54-65-87) байланыс номері іске қосылған болатын. Жобаның мерзімінде аталмыш «Сенім телефонына» ешқандай коңыраулар келіп түскен жоқ. Сенім телефонын халыққа жариялау мақсатында өтілген барлық кездесілерде  «Сенім телефоны» бар екендігі халық арасында жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.