ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ

58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2025 жылғы 4-ші желтоқсандағы №1043 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Заңының 32- бабы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан танк, инженерлік мамандықтары бойынша әскери қызметке шақырылу жүргізілуде.
Осыған орай Қаратау қаласының қорғансы істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде де офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыстар атқарылуда. Офицерлер лауазымдарына әскери қызметке шақырылатын адамдар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
-дені сау болуы;
-әскери лауазымға сәйкес келетін әскери – есептік мамандығының болуы;
-соттылығының болмауы;
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар, офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүру үшін жағдай жасалынған.
• Әскери қызметші әскери қызмет өткергенде, тұрғын үй есебіне тұрады (тек әскери қызмет өткергендер)
• Кезектілік тәртібімен әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй беріледі немесе Қорғаныс министірлігі тұрғын үй төлемдерін екінші деңгейдегі банктегі жеке арнайы шотқа аударады. Әскери қызметшіге қызметтік тұрғын үй жабық әскери қалашықта орналасқан жағдайларда немесе 50 пайыз мөлшерінде тұрғын үй төлемдері беріледі.
• Лайықты жалақының кепілдендірілген және уақытылы төленеуі.
• Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери медициналық мекемелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз ету (диагностика, емделу);
• Киім-кешекпен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа әлеуметтік кепілдіктері қарастырылған.
Әскери қызметшіге демалыс беру кезінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төленеді.
Қазақстан Республикасының Қараулы Күштерінде қызмет өткеретін офицерлер отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалған.
Кеш қалмаңыздар!
Қаратау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінен толық мәліметті мына мекен – жайдан Д.Қонаев көшесі, №13 алуға болады.
Тел: 6-19-82.
Р.Мустафаев,
Қаратау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген
бөлім бастығы, қарулы күштер подполковнигі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.