Заң аясында кеңестер берілді

70

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №25 мекемесінде Жамбыл облысы әкімдігінің Заң консультанттар палатасының мамандарының қатысуымен және Жамбыл облысының Әділет департаментінің мамандарының қатысуымен жиын өтті.

Шара барысында Жамбыл облысының заң консультанттар палатасының қызметкерлері қылмыстық істер жөніндегі департамент мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға білікті заңгерлік көмектер көрсетті.

Кездесу барысында мамандар жазасын өтеушілерді жеке қабылдап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап беріп, құықтық кеңестерін берді. Сондай-ақ олар құқық ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған кезеңде әрбір шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оларға қатысты жеке әзірлейтін және іске асыратын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар тізбегін де жеткізді.

Айта кетейік, ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»     Заңының 26-бабына сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығы бар тұлғалар оның ішінде соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қоғау  және білдіру түріндегі, сонымен бірге ҚР қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін беру талабы көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.