Партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы ұстаздарға құрмет көрсетті

44

Бүгін – Мұғалімдер күні. Айтулы күн білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңірде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оқытуға белсене атсалысқан ұстаздар қауымын құттықтап, партия атынан құрмет көрсетті.
Салтанатты шарада партия облыстық филиалының төрағасы Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектерін бағалап, бірқатар ұстаздарға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлының арнайы Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар партия Жамбыл облыстық филиалы атынан бірнеше ұстазға Құрмет Грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетейік, бүгінгі күні облыста 53 851 партия мүшесі болса, оның ішінде 23 402-сі мұғалімдер. Олардың 18 324 әйел азаматтары, ал 5078 ер азаматтар. Партияның облыстық филиалы аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып, қоғамдағы маңызды оқиғалардың ортасынан табылып келеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.