ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

118
Қазіргі қоғамда жанарынан айырылып, жарық әлемді жүрегімен сезінуге мәжбүр болған азаматтар аз емес. Бұндай бейнетпен күн кешу де оңай емес екені анық. Десе де, тағдырдың тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, қоғамдағы өз орындарын орнықты көрсете білген жандар қашанда құрметке лайық.
13 қараша – Зағиптар күніне орай бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков жанарынан айырылған және көру қабілеті төмен жерлестерімізбен кездесіп, еркін әңгіме өрбітті. Басқосу барысында жерлестерді толғандырған түйткілдерге құлақ түріп, зағип жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктерін талқылады.
Бүгінде біздің жерлестеріміз де өздерінің өмірге деген құштарлығымен, азаматтық көзқарастарымен айналасына үлгі көрсетіп келеді. Сондықтан кездесуде бірқатар еңбек ардагерлеріне ризашылық білдіріп, тиісті марапаттарын табыс етті.

 

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.