ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЖИНАЛУДА

84
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly жиын-терін науқанының өтуі барысын көру үшін бірқатар ауылдық округке арнайы барып, шаруалармен жолықты.
Алдымен аудан басшысы Айшабибі ауылдық округіндегі 42 гектарға қант қызылшасын орналастырған «Ақкөл» шаруа қожалығында болды.
Шаруа бүгінде жиын-терін науқанын аяқтауға күш салуда. Қазу жұмыстарына 10 техника жұмылдырылған.
Аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновтың айтуынша, өңірде биыл 690 гектарға тәтті түбір орналастырылса, бүгінде жартысынан астамы қант зауытына өткерілген.
Аудан басшысы шаруа жұмысына сәттілік тілеп, келер жылғы жоспарларын сұрап білді. Қант қызылшасының тиімділігін де атап өтті

 

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.