ДУЛАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

91
Кеше ғана Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, жергілікті тұрғындар өз таңдауын жасаған болатын. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Дулат ауылдық округінде болып, жаңадан сайланған Кірпікбаев Біржан Ержанұлын ұжымға және ақсақалдар мен тұрғындарға таныстырды. Сондай-ақ, ауыл әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Кірпікбаев Біржан Ержанұлы аудан әкімінің 2023 жылғы «13» қарашадағы өкімімен Дулат ауылдық округі әкімінің қызметіне тағайындалды.
Кірпікбаев Біржан Ержанұлы 1988 жылы туылған, білімі жоғары, 2019 жылы Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінде бөлімше командирі қызметінен бастаған;
2018 жылы Бәйдібек ауылы Сағат шаруа қожалығында жұмысшы;
2018-2019 жылы Бірлік ауылы Теміржол жөндеу ЖШС-нің ПМС Бірлік мантері;
2019-2020 жылдары Бәйдібек ауылы М.Маметова шағын орталықты орта мектебінде от жағушы;
2020-2021 жылдары Шу ауданы Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің Дулат ауылдық округі бойынша жастар жөніндегі инспекторы;
2021 жылдың 19 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Дулат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Отбасылық жағдайы бойдақ.

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.