ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЫСТЫҚКӨЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АВРОРА» ШИПАЖАЙЫНДА 18 АДАМ УЛАНДЫ

927

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды, оның ішінде жетеуі – шетелдік спортшы. Бұл жайында ҚазАқпарат ХАА хабарлады.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған. Кеше 13 адамның ауруханаға түскені мәлім болды. Түнде тағы 5 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.

«Зардап шеккендердің арасында 11-і қырғызстандық, біреуі ирандық және Араб Әмірліктерінің 6 азаматы бар», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Зардап шегушілер тамақтан улануы мүмкін.

«Қазір анализ жүргізу үшін барлық сынамалар алынды. Ауруханаға түскен азаматтардың жағдайлары бірқалыпты», – деді ведомствода.

Leave A Reply

Your email address will not be published.