WhatsApp миллиондаған құрылғыларда жұмысын тоқтатты

58

Фото: rusnewshub.ru

24 қазаннан бастап WhatsApp Android операциялық жүйесінің 5.0 (Lollipop) нұсқасынан төмен нұсқаларында жұмыс істеуін тоқтатты. Осы уақытқа дейін Android 4.1 нұсқасында мессенджер өз жұмысын жалғап келді. Ендігі кезекте Android 4.1 — 4.3 Jelly Bean және Android 4.4 KitKat операциялық жүйесін пайдаланатын смартфон иелері қолданбаны қолдануды жалғастырғысы келсе, құрылғыларын жаңартуы қажет.

2023 жылдың маусым айындағы Google статистикасына сәйкес, барлық белсенді Android құрылғыларының шамамен 0,5 пайызы Android 4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Аndroid смартфондарының жалпы саны 3 миллиардтан асады. Демек Wha/tsApp енді шамамен 15 миллион құрылғыда жұмыс істеуін тоқтатады.

https://stan.kz/whatsapp-milliondagan-kyrilgilarda-zhymisin-toktatti-390136

Leave A Reply

Your email address will not be published.