Балалардан қазақша сөйлеуді талап еткен бокс жаттықтырушысы орыстілділерден кешірім сұрады

55

Фото: Нартай Аралбайұлының Youtube-арнасынан

«Мен эмоциямды жасыра алмайтын адаммын. Кейде жаттығу кезінде ашумен аздап артық кетіп жатамын. Менің жаттықтырушы болғаныма бес жыл болды. Залда қазақ балаларының бір-бірімен қазақша сөйлескенін қалаймын. Мен балаларды жаман әдеттерге үйретпеймін. Әрине, алдында айтқаным қате болды. Ол үшін кешірім сұраймын», – деді Мұхит Амантаев.

Айта кетейік, бұған дейін бокс жекпе-жек жаттықтырушысы Мұхит Амантаев жаттығу залында балаларға ашуланып, спорт залында тек қазақша сөйлеуді талап еткен еді. Ол балаларды оңбағандар деп атап, қазақы намыс болу керек екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ үш баласы бар екенін айтқан ол, екі ұлының қазақы екенін, ал қызының орысша сөйлейтінін жеткізді. https://stan.kz/balalardan-kazaksha-soyleudi-talap-etken-boks-zhattikti-39132/0

Leave A Reply

Your email address will not be published.