Ұрпақтар сабақтастығы

167

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен    «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында 2021 жылдың 23 шілдесінде Талас ауданы Тамды ауылының тумасы, спорт саласының ардагер ұстазы Қырғыз елінде Ыстықкөл қаласында ұлт батыры Жұманазар Сатымқұл атындағы халықаралық жарыс ұйымдастырылып Оған әлемнің 35 мемлекетінен 4 мыңға жуық желаяқ қатысып, бақ сынады. Қазақ елінің атынан шыққан Жақсылық Мамырбекұлы бұл жолы 42 шақырым 195 метірді 4 сағатта жүгіріп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл Жақсылық мырзаның 68 жасында жеткен жетістігі. Сұхбат барысында Жақсылық Мамырбекұлы өзінің спорт жолын зейнетке шыққан соң 63 жасында бастағанын және де көп марафондармен түрлі жарыстарға қатысқанын айтып өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі таңда Жақсылық Мамырбекұлы жақын арада екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласынан Көне Түркістан қаласына 400 шақырым жаяу жүгіріп өтуді жоспарлап отырғандығын және де келешек ұрпаққа үлгі болар шәкірт дайарлайтынымен бөлісті. Жастарды еңбекке және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып өзінің болашаққа деген ойымен бөлісті. Жақсылық Мамырбекұлына Аудан жастарының атының алғыс білдірілді.

 А.Есқожа,

Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.