Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық жарыстар өткізілді

66

Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын сотталғандар азаматтар да өз деңгейінде қарсы алды.

Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан өзара кім мықтыны анықтады.

Атап айтқанда, арнайы контингент спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, салауатты өмір салтын ұстану жолында тағы бір рет тер төкті. Тартысты өткен ойынның қорытындысына сай жеңімпаздар мекеме әкімшілігі тарапынан алғысқа ұсынылды.

Айта кетейік, мекеме басшылығы сотталғандардың арасында мәдени-спорттық шараларды тек мереке күндері ғана емес, жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.