Ұлы дала өркениеті

522

Бүгінгі таңда тарихи талқыға түсіп, жаһандық көзқарастардың ұлттық мәдениет ретінде қалыптасуы өз оқырмандарын жүрек толқыр, нұрлы ақылдың көкжиегін түзеген біртуар шығармалар ұлттық рухани ту көтеріп отыр. «Бүгінгі жаһандану заманыңда тарихты жете меңгеріп, ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтап қалу аса маңызды», –  деп Оразақ Смағұлов ұлт құндылығын сөзге тиек етіп, төл  құндылықтарымызды ұлт тәрбиесіне жетелеп, тарих пен бүгінгі күн арасындағы ақыл мен ғылымның ой аралық өткелін саралау, тағдыр тәлкегіне түсіп, әділетсіздік пен арсыздық ұлттың белшесінен басып, тобыр ретінде ұлттар арасында езгіге түсіп, жоғалып кете  бермек. Ұлттың жеке тәрбиесін қалыптастырудағы ең негізгі фактор  –  тарих. Бойдағы қажымас қайрат, сарқылмас ақыл, жаңылмас сырлы жүректі жетелеген халық мұрасы бүгінгі күнгі жаһандануға айналып отыр. Демек, қазақ туының туырлығын тіктеген батыр мен даналар сөзі ғана емес, ұлы халықтың рухани бірлестігі ұлы дала өркениетін қалыптастырмақ.

Тағылымы мол, тарихы терең өркениет – өз алдына жеке ғылым саласы. Себебі өркениет жалғыз тарихи оқиғалармен ғана ұштасып қоймай, құшағын кеңінен жайып, әдебиет,  саяси қоғаммен тұспа-тұс байланысты. Нұрлы ақылдың көкжиегін түзеген көшбасшы әрі ұлт болмысын өрлеткен зиялы тұлғасы бар халық  еш уақытта тарихта аты өшпек емес. Ұлттық тұғырды ойға тірек етіп, қаламын қару, шабытын қалқан еткен тұлғалар рухани майдан басшылары  ұлттық характерге мән беріп, қазақ халқына ғана тән ұлттық  ерекшеліктерді көрсетіп, мәдениет пен салт-дәстүрімізді тереңнен танып, ұлт бойында жеке сыни көзқарас қалыптастыруды көздеген. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жүрек сырын тербер мынау өлең шумағы арқау болмақ:

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бір күнгісін,

Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,

Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін, –  деп  көркем әдебиет өнеріне арнаған шығармашылығын ұлттың болашақ әлеуеті мен құндылықтарға ой салып, жеке дара тұлғалық қасиеттерін еркін көрсетпек. Ұлы ақын Абайдың 10-қарасөзінде «Адал кәсіп қылып мал табарлық қуат берді, сол қуатты орынды жұмсар ғылым берді, ал ғылымды ұғынарлық ақыл берді» деген екен. Осыдан қандай ой түймекке бел буамыз? Әрине, ақыл мен ғылымды халық мұрағатына арнаған бұл ақынның сөз сарасын әспеттеп, тән мен жанның айырымын көрсетіп отыр. Мәселен, 17-қарасөзінде нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат сынды толық адам болмысын суреттесе, Ілияс Есенберлиннің тоқырау тар заманның қыспағына түскен қазақтардың отаршыл саясатқа қарсы жүргізген ұлтшыл көтерілістер мен ұлттың рухани бірлестігін «Көшпенділер» трилогиясында баян етпек. Тарихтағы сұм кезеңдерде «тарғақ тай жол кешіп», ашаршылық пен арсыздықтың езгісіне түскен қазақ тұлғаларының, соның ішінде, жан жарасы жазылмаған ойшыл Шерхан Мұртаза 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы келеңсіздіктер мен саяси басқыншыларды, мүмкін бойдағы қуат, қолдағы қайрат, ақыл мен ғылым жолында өз сөзін жыр еткен зиялы қауымның басқыншысы дерсің. Бірақ басу айтты деп өз ойын аяқсыз қалдырған жоқ. Абай айтпақшы, «қазақ ақылсыздығынан азбайды, әйтпесе қазақта адам баласы ғой, тек жүректегі жігер мен қайраттың, байлаулықтың жоқтығынан азады», деуші еді. Сонда бір саясаттың әсерінен батыр, дана халық деп көрсеткен қазақ ұлтының түп тамырынан айрылардай рухани көсемі болмағаны ма деген сұрақ төңірегі кімді де болсын мазаламақ. Әрине ой шұлғытып, қу дәрмені қалғанша осы жарықтық дүниенің қызығын, шаттық думанын көруге, бала қызығын көруге өз өмірін қиды деймісің? Жоқ, қара халықтың күнін ойлап, саналы ғұмырын сарп етіп, қуғында жүріп те, айдауда жүріп те өз шығармаларын жазды емес пе? Сол шығармалар мынау меңіреу дүниені кезіп, қазақ даласының көркем өнерін келешек ұрпаққа ұлы мұрағат етпек. Мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарды саралаушы ұлт көшбасшыларының жүрек арызын жырлаушы халық әдебиетінің  зұлмат заман тарихында маужыраған сұм бейне бір елесі қалғандай. 1931-1933 жылғы аштық  1918-19 жылғы қақтығыс кезеңдері қара халықты әбден қажытты, мұнарған бұлттай түйіліп, ұлт басына жеке сын болды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың көгіне, күн болмағанда кім болам?» — деп өз сөзінде осы дала кезіп білім нәрін іздеген ұлтты надандықпен, арсыздықпен күресуге бірігіп ұлттық бірлестікті қалыптастыруды көздеген мақсаты айқын болса да, қазіргі күні сол мақсаттың арман көгін жетелеп, «жаһандану» деп жүргеніміз не мақсатта болмақ?

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын тойлаудамыз, әрине бұл тұлғалар қазақ халқының көсемі, әрі ұлы рефарматорлар. Ал ашаршылық құрбандарын еске алып неге ескерткіштер орнатып, не болмаса солар жайлы мақала жазбасқа? Бұл жайлы ой толқытып,  көңілдегі өкініш пен тарихтағы тар заманның ащы бейнесін қаламмен рухани халық ойына тиек етуге жазар алапат күш болса, мүмкін оны да қаламмен шабыт етіп, жыр етпекпіз. Алайда, бүгінгі күнгі халық алдындағы мақсатты айқындап, ұлт болашағының кемелденуіне сара жолдың соқпағына күш пен жігерді, ақыл мен ғылымды бірлестіруіміз қажет. Ұлы халық басынан өткен тарихи тербелісті  ары қарай жалғастырып,  ұлы дала өркениетін жаңғыртуға, әрі ұлттық рухани болмыс қалыптастыру – ендігі ұлттың еншісінде.

 

Тұрсынбай Аян Байзақ ауданы Сарыекемер ауылы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.