Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде Ұлттық кітап күніне орай мәдени-танымдық іс-шара аясында қызметкерлер Шоқан Уалиханов атындағы кітапханаға барып, кітапхана қорымен танысты.
Аталған мекенде қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары ұсынылып, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралармен танысу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мекемеде жеке құраммен кәсіби және қызметтік даярлық шеңберінде бекітілген әдебиеттерді оқу жұмыстары ұйымдастырылып, жеке құрамға жоспарға сәйкес айқындалған кітаптарды жүйелі түрде оқудың маңыздылығы түсіндірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және қызмет сапасын жетілдіруге оң ықпал етеді.
