Түзеу мекемесіндегі ашық есік күні

590

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіндегі арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысын жүргізу бөлімшесінің қызметкерлері ҚР қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық-процестік, еңбек заңнамаларының, ҚР ІІМ бұйрықтарының, әдістемелік ұсыныстарының өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қағидаларын өз жұмыстарында қолдануда. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, мекемелерде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Мекеме бастығы әділет подполковнигі Еркін Кабинмен бекітілген жоспар бойынша ЖД-158/1 мекемесінде 30 сәуір күні сотталғандардың ата-аналарымен, ағайын-туыстарымен байланысын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шараға ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 92 бабы 1 бөлігіне сәйкес шаруашылық жұмыстарда қалдырылған жазасын өтеушілердің туықандары, «Феникс» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мекеме клубында өткен шарада алғашқы болып ЖД-158/1 мекемесі бастығының орысбасары әділет подполковнигі Жанболат Жұмалиев сөз алып, іс-шараға қатысушыларды келе жатқан 1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін, сөз алған арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысын жүргізу бөлімшесінің бастығы әділет майоры Айгүл Танашева қатысушыларға алғысын білдірді.
Айта кету керек, бұл күні концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жазасын өтеуші азаматтар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламаның соңында сотталғандардың туыстары кездесуге мүмкіндік сыйлаған мекеме әкімшілігіне шексіз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында сотталушылардың туыстарына шағын экскурусия ұйымдастырылды. Олар сотталғандардың жұмыс орнын, жатақханаларын көзбен көрді. Шара соңында қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.