АСУ АЛҒАШҚЫ АСУДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

66
Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылының тумасы Асу Абайұлы Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе – жегінде жеңіске жетті.
Жерлесіміз, Америка құрама штатында, Нэшвиллде өткен UFC Fight Night турнирі аясында америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты.
Жеңіс құтты болсын, ағайын!
Асу Абайұлы Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап аулында дүниеге келген.
Жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.
Сондай – ақ, Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысумен танымал.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.