Түлектер 50 жыл бұрынғы факультет деканымен кездесті

159
Жарты ғасырға жалғасқан жолдастыққа себепкер болған – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде түлектер 50 жылдық кездесу өткізді.
Бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының 1973 жылы бітірген түлектері мұндай кездесулерді әр 10-15 жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қонақтар Дулати университетінің музейін аралап, ескі кездерді естеріне алды.
50 жылдан кейінгі осы бір басқосуда 30-дан астам түлек келіп, өздерінің студент кезінде сабақ беріп жол көрсеткен деканы Генадий Пастуховпен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.
Марс Үркімбев атындағы Жастар сарайы, Гидрокешеніндегі оқу кабинеттері мен өздерінің құрдасы Жүніс Бектасовтың құрметіне ашылған оқу аудиториясын аралап көрді.
Кеш соңында 1973 жылғы түлектре университет басшылығымен бірге еркін микрофон форматында сұхбат жүргізіп, өздерінің студенттік кездеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.