Тұрғындар сұрағына тыңғылықты жауап берілді

160

Тараз қаласының әкімдігі әлеуметтік мәселелер мен тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне, олардың мүддесін қорғауға баса көңіл бөледі. Содан болар, өңір тұрғындары өздерінің мұң-мұқтажын билікке жеткізу үшін әкімдікке көптеп қайырылып жатады. Шаһар басшылығының қоғамдық қабылдауын құқықтық көмек көрсететін бірден-бір орын және билік пен халық арасын жалғайтын «алтын көпір» деп санайды. Сондықтан, қала билігі осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды көздейді.

Осыған орай, бүгін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдау болатын күн алдын ала әлеуметтік желі бетінде жарияланған. Қабылдауға келгендер алдын ала кезекке тұрып, тиісті сұрақтарын жазбаша да беріп жатты. Қабылдауды жүргізген қала әкімінің өкілі Асхат Есеналиевке жазылғандардың бірі Әсембекова Ботагөз өз ризашылығын білдірді. Ол өзі тұратын Төле би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеуге тиісті құжаттарды жинақтап, тұрғын үй қатынастары бөліміне жеделдетіп тапсыратын болды. Екінші мәселесі есік алдындағы қураған талдарды кесуге бригаданың кезеңімен іске кіріскенін қуана жеткізді.

Тұрғындарды әр сала бойынша қабылдайтын көшпелі қабылдау кешке дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.