ТҰҚЫМ КӨЛЕМІ ЖЕТКІЛІКТІ

160
Биыл аймақта 157,5 мың гектарға күздік бидай егілетін болса, оған қажетті тұқым 28 024 тонна құрайды.
Қазіргі уақытта қолда бар тұқымның көлемі 29 542 тонна болса, оның ішінде Р2 тұқымы — 4 тонна, с/элита тұқымы — 132 тонна, элита тұқымы — 2 530 тонна, I репродукция — 7 133 тонна, II репродукция — 10 562 тонна, III — репродукция тұқымы — 9 181 тонна.
Бүгінгі күні облыстағы аттестатталған тұқым өндіруші шаруашылықтар күздік бидайдың 7 697 тонна жоғары репродукциялық тұқымын өндірсе, өз қажеттіліктерінен бөлек 3163 тонна тұқымды, яғни 300 тонна элита, 2513 тонна I репродукция, 350 тонна II репродукциялы тұқымдарды сату мақсатында арнайы техникаларда тазалап, дайындау үстінде. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен алдын-ала келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты төменде облыстағы тұқым өндіруші аттестатталған шаруашылықтарда сатылатын күздік дақылдар мен байланыс мәліметтерін ұсынып отырмыз.
 
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.