Туған жерімізді таза ұстау – өз қолымызда

107
Жұмыр жерді мекендейтін сан мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-Анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ шығар.
Басқасын былай қойғанда, күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар ортақ планетамызды тұншықтырып барады.
Оған зауыт-фабрикалардан шығатын химикаттарды қосыңыз.
Түрлі нәжістер мен өлекселер тағы бар.
Айта берсе сөз жетпейтін «қоқыстар» бүгінде жұмыр жерді мекендеген халықтың ортақ проблемасына айналды.
Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді.
Бүгінгінің жастары бас қосып отыра кетсе, артында 3-4 келі қоқыс қалатын болды.
Ал үйлерден шығып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар қаншама?!
Тұрғындар осы тазалық мәселесі бойынша қоқыс жәшіктерін белсенді пайдалану керек.
Немесе қоқысты жинап, қала сыртындағы полигонға төгуге қам жасауы керек.
Алдағы уақытта аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес осы тазалық мәселесінде талап қатты болғалы тұр.
Себебі бұл мәселеде босаңсу болатын болса, жұмыс нәтиже бермейді.
Сондықтан қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тазалық мәселесін табалдырықтан бастау керек.
Тазалық – бәрімізге ортақ. Біз негізі көп нәрсеге көз жұмып қараймыз. Бірақ соның зияны айналып келгенде өзімізге тиеді.
Расында, тазалық мәселесін сақтауда анағұрлым мәселе тудырудың қажеті шамалы.
Бар болғаны өзіміз тұратын ауланы таза ұстау. Біз осыны әбден санамызға тоқымайынша, бұл мәселе билік назарынан түспек емес.
Сондықтан біз жастар тазалықты әркез басты назарда ұстап, жүйелі жұмыстар жүргізуді мықтап қолға алдық.
Сізде бізге қосылыңыз, Құрметті тұрғындар!!!

 

Асылжан Шуақбайұлы, Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.