Басты мақсат- жұмыссыз жастар санын азайту

100
Жаңғырудың негізгі күші және Жаңа Қазақстанның жаңару көзі ретінде жастар рөлі ерекше.
Атап айтқанда, елімізде жастарға қатысты жүйелі әрі кешенді шешімдерді талап ететін бірқатар өзекті әлеуметтік-экономикалық проблема бар.
Ең алдымен, сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі.
Жаңа Қазақстанды құру үшін өскелең ұрпақ әлеуметтік жағынан қорғалуы керек.
Ал бұл жерде, Үкіметке, әсіресе, жастарды оқыту мен жұмысқа орналастыруға қатысты сұрақтар жеткілікті.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мұны біз емес, бізге дейінгілер айтып кеткен. Алайда, жастар арасында жұмыссыздық мәселесі соңғы уақытта жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жиі бас көтеріп жүр.
Оның да өз себебі, өз уәжі бар. Мәселен, жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін жастар еңбек жолын қаладан бастағысы келеді.
Қалай дегенмен, ірі орталық кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Қалаға бірнеше жылда бой үйреткендер кеткісі жоқ.
Алайда қос қолға бір күрек сұрағандардың дәмесі зор болғанмен, қажетіне сай жұмыс таппай талайлар сенделіп кетеді.
Нәтижесінде кейбіреулерінің дипломы сандық түбінде шаң басып, «қажетсіз» дүниеге айналуда.
Қазір жастардан бір бөлігі «қайда жұмыс істейсің» деп сұрасаң, көпшілігі «жұмыс жоқ», я болмаса «мамандығыммен емес» деп жауап қатады. Олар үшін мамандығы бойынша жұмысқа орналасу «арманға» айналған.
Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек.
Өйткені, елді дағдарыс кезінде асырайтын – ауыл. Ал, ауылда жұмыс болу үшін, ол қаланы асырай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» деген еді.
Расымен, қазіргі уақыт – білімді жастардікі.
Олар мемлекет берген мол мүмкіндікті пайдалана білуі керек.
Ата-анасы оқытып, тоқытты. Сол алған мамандығын одан әрі жетілдіріп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру керек.
Артына жақсы із қалдыру әрбір жастың мақсаты болуы тиіс.
Шыны керек, бүгінде мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп отырған қолдау өте көп.
Жастарға мүмкіндікке айналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушыларға жас маман алғыстан өзге айтпайды.
Осы орайда біздің мақсатымыз жұмыссыз жастар санын азайту.
Мақсатында Сарысу ауданындағы барлық ауылдық округтердегі жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргіздім.
Насихаттау барысында ауылдағы NEET санатындағы жұмыссыз жастармен жұмыс жөніндегі инспектор Н.Орынбай қабылдау жүргізді.
Қабылдауға келген жұмыссыз жастарға тиісті кеңестер беріліп, жұмыс жасауға ниетті жастарды жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мекемелерге жіберу қолға алынатындығы ескертілді.

 

Асылжан Шуақбайұлы, Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.