Телефонмен қоса 100 мың теңге өндіріп алды: БҚО-да несиеге алған смартфоны істемей қалған ер адам сатушыны сотқа берді
Тұтынушылардың құқықтары департаментінің мәліметінше, ер адам телефоны істен шыққаннан кейін дүкенге барып, оны сатушыға қайтарғысы келген. Алайда сатушы тауарды қайта алмай жөндетуді ұсынған.
“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес сатып алушы тауарды ауыстыруға, тауар үшін ақшалай қаражатты қайтаруға немесе дүкен есебінен жөндеу жүргізуге құқылы. Бұл жағдайда ол ақаулы өнімді қайтарып, ақшаны қайтаруды шешкен. Бірақ сатушыға мәселені шешуге бірнеше рет жүгінсе де нәтиже болмады. Сатушы тауарды жөндейміз деді. Ер адам бұған келіспей сотқа жүгінді”, – делінген хабарламада.
Сот шешімі бойынша дүкен сатып алушыға 209 мың теңге телефон құны мен моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 100 000 теңге мөлшерінде төлем өтеуге тиіс. Сатушы шешіммен келіспей қайта шағымданатынын айтты
https://stan.kz/telefonmen-kosa-100-min-tenge-ondirip-aldi-bko-da-nesie-398891/