Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі К.Мадиевтің және Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен Департамент қызметшілері және қайта даярлау курстарынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер өңірімізге гастролмен келген Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Өлдік те, құрметті болдық» трагикомедия қойылымын тамашалады.
«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» деп Шәкен Айманов айтқандай, көрермендер өнердің құдіретінен рухани азық алып қайтты.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады