М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

59
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің бітіруші курс студенттерімен кездесті.
????Іс-шараға университеттің технологиялық факультетінің ақпараттық жүйелер және технологиялар, бағдарламалық инженерия, химия, физика, математика және математикалық оқыту, компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау, информатика және т.б. мамандықтар бойынша оқып жүрген студенттер қатысты.
????Кездесудің басты мақсаты жастарға мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіре отырып, оларды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.
????Іс-шара барысында Руслан Шамелұлы жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде уәкілетті орган белгілеген мәннен (GPA 3.33-тен) төмен емес нәтижемен бітірген түлектерге бір жыл ішінде конкурс өткізілместен аудандық және ауылдық деңгейдегі басшылық емес лауазымдарға орналасу мүмкіндігі туралы кеңінен ақпарат берді.
????Бұдан бөлек, жоғары оқу орын студенттеріне мемлекеттік қызметке кіру ережелері, тестілеуден өту тәртібі, конкурс өткізу рәсімдері, мемлекеттік қызметке орналасу кезіндегі шектеулер толықтай түсіндірілді.
????Сонымен қатар, жастарды қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді және оларға мемлекеттік қызметке түсу тәртібі көрсетілген таратпа материалдар ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.